Кәсіподақ өкілдері студенттерге еңбек қатынастарының ерекшеліктерін түсіндірді

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова және бас маман Д.Шомбаева кәмелетке толмаған адамдар үшін еңбек заңнамасының ерекшеліктерін түсіндіру үшін «Павлодар техникалық-экономикалық колледжі» мекемесінің студенттерімен кездесті.

«Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Еңбек шарты он бес жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда; он төрт жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін жасалуы мүмкін. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді: он төрт жастан он алты жасқа дейін – аптасына 24 сағаттан аспайды; он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайды», – деп түсіндірді М.Иванова.

«Кәмелетке толмағандарды түнгі уақыттағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, вахталық әдіспен және қоса атқаратын жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға тыйым салынады», – деп түсіндірді Д.Шомбаева.


Заңнаманы түсіндіру дайындалған слайдтарды көрсетумен және ақпараттық парақшаларды таратумен нығайтылды. Сөз соңында спикерлер колледж студенттерінің сұрақтарына жауап берді.