Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған спартакиаданың ашылу салтанатында Облыс әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Есендиаров Қаймен Есенаманұлы, Тоқсанов Ерлан Виленович және өңіріміздің медициналық мекемелерінің басшылары қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Медицина қызметкерлері арасында жолдастық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайтын бұл сайыста әр ауданнан жиналған жүзден жүйрік 19 команда бақ сынады.
Тартысты әрі қызықты өткен додада 1 орынды ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК иеленіп, номиналы 100 000 теңге сертификатқа ие болды. 2 орынды алған БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК номиналы 75 000 теңге сертификатқа ие болды, 3 орынды иеленген БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК номиналы 50 000 теңге сертификатқа ие болды, ал 3 орын алған БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Қаратөбе аудандық ауруханасы» МКК номиналы 25 000 теңге сертификатқа ие болды.
Сондай-ақ: шағын футболдан «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы»; жағажай волейболдан «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, бұл сайыста жанкүйерлер де тысқары қалмады. Көтеріңкі көңіл күй сыйлап, командаға ерекше қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлер командасына «Үздік жанкүйерлер» номинациясы бойынша диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.