Бала бақыты бәрінен биік

1 маусым – «Балаларды қорғау күні» қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының өкілдері «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалдарымен және Қарағанды облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің жергілікті кәсіподағымен бірлесіп, даму ерекшеліктері бар балалар тұратын отбасыларға барды.


Балалар үшін қажетті өнімдер, сондай-ақ, әрине, балалар әрқашан ұнататын тәтті сыйлықтар сатып алынды. Түрлі-түсті шарлар мерекелік көтіріңкі көңіл-күй сыйлады.

Отбасылардың бірінде анасы және әжесімен бірге Алена Веденских тұрады, ол – 10 жаста. Бұл белсенді және позитивті қызда туылғаннан бастап даму ерекшеліктері бар. Бірақ соған қарамастан, ол барлық балалар сияқты мектепке барады және сурет салуға, өлең оқуға, таэквондоға қызығушылығы бар. Сондай-ақ, Алена медицинаға қатысты кітаптар мен мақалаларды өте жақсы көреді. Алена кездесуге өте қуанышты болды, жүзінен күлкі кетпеді. Қыздың әжесі әлеуметтік көмек және шынайы құттықтаулар үшін ризашылығын білдірді.

Высочинских отбасында төрт бала тұрады – олардың екеуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Отағасы Владимир Александровичтің көру қабілеті нашар, зағиптарға арналған арнайы кітапханада жұмыс істейді, балаларды жалғыз тәрбиелеп отыр.

«Үлкен қызым Юлианна қазір 10-сыныпты бітіріп жатыр, содан кейін педагогикалық колледжге бастауыш сынып мұғалімдеріне түсуді жоспарлап отыр, музыка мектебін «фортепиано» бөлімі бойынша бітірді. Содан кейінгі балам ұлым Всеволод ол да музыка мектебін бітірді, бірақ негізінен IT:-ге құмар: компьютерлерді жақсы көреді. Одан кейін Илья, ол 9 жаста, ол қолөнерші: ол қағаздан қолымен бірдеңе жасағанды ұнатады және Михаил, ол 8 жаста, спортты, атап айтқанда футболды жақсы көреді», – дейді Владимир Александрович.

Әкесі мереке алдында осындай сыйлыққа риза болып, шынайы қөңілдері үшін алғысын білдірді.