Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қалалық әкімдік ғимаратында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Жұмыс берушілер, кәсіподақ өкілдері мен мемлекеттік органдар қызметкерлері бас қосқан комиссия отырысында «Нұржанар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкер алдындағы әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жөнінде ақпарат ұсынылып, алдағы уақытта берешектерді жою бағытындағы жұмыстар алгоритмі қарастырылды. Сонымен қатар, «Батыс Су арнасы» ЖШС ұжымдық шарт жасау барысында туындаған мәселелер жөнінде сұрақтар қаралды.
Жиынға комиссияның тұрақты мүшесі, «БҚО Кәсіподақтар орталығының» төраға орынбасары Бауыржан Атауов қатысты.
Аталған сұрақтар бойынша комиссия мүшелері әрі қарай жұмыс атқарып, сұрақтардың оң шешімін табу мәселесін назарға алып, қадағалайтын болады.