Тараптар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен дауларды соттан тыс шешуді ұйымдастыру мен жүргізуде жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ Заң клиникасы филиалының жанынан медиативтік, әлеуметтік, заң қызметтерін көрсету мақсатында Татуластыру орталығы қызметін жүзеге асырады.
Бұл жұмыс мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылда жүргізіледі.
Мәселен, сотқа дейінгі талқылау барысында тараптар Татуластыру орталығына кәсіби медиатор Д.Қарабаевқа медиация рәсімін өткізу туралы өтінішпен жүгінді.
Медиативтік келісімді жасасу нәтижесінде жұмыс беруші тәртіптік жаза қолдану, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың күшін жоюға міндеттенді, қызметкер өз талаптарынан, атап айтқанда, жұмысқа қайта алу, жұмысқа шықпаған және моральдық залал үшін жалақыны өндіріп алудан бас тартады.