Жаз мезгілі – балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын демалыс орындары да есіктерін айқара ашады.
Осы уақытта балалардың демаласын қуанышты және қызықты өткізуін тиімді ұйысдастыру үшін «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы 400-ден аса педагогтердің-кәсіподақ мүшелерінің балаларына «Юный Домостроитель» жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама берді.
Балалар бұл лагерьде маусым, шілде, тамыз айларында дем алатын болады.
Басты назарда – балалардың қауіпсіздігі, осыған орай демалыс аймақтарында инспекторлар қамтылған. Ауысыммен жұмыс уақытын белгілеп алған тәртіп сақшылары күндіз-түні балалардың қауіпсіздігін бақылайды. Табиғат аясындағы демалыс, таза ауа, жайдары көңіл-күй, сергектік балаларға күш-қуат сыйлап, жаңа оқу жылына бар ынта-жігерімен кірісуге септігін тигізері сөзсіз.
Жазғы лагерь баланың қоғамдық өмір дағдыларын дамытып, өзін-өзі басқаруын, ұқыптылығын шыңдайды.