Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі

Бүгінде әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, ұжымдық шарттарда әр жұмыскердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау – басты назарда.

Осы ретте «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі еңбекті қорғау саласындағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облысы Төлеби аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  «Жарық-жол» КММ ұжымымен кездесу өткізді.

Жиын барысында сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Кәсіподақтар федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылатынын жеткізді.

«Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмыскердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау бірінші кезекте болуы тиіс. Әлеуметке бағдарланған кез-келген кәсіпорын бәрінен бұрын апаттың, жарақаттанушылықтың және кәсіби аурулар деңгейін төмендетуге мүдделі болуы тиіс», – деді кәсіподақ төрағасы.

Сондай-ақ, кездесу барысында еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктерін түсіндіріп өтті.

Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.