«18 маусым – медицина қызметкерлері күні» қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесіп, мекеме басшысы Винера Нұржанованың және кәсіподақ төрағасы Балшекер Султанбекқызы Елеуханованың тарапынан ұйымдастырылған іс-шара өтті.
Іс-шара С.Әуесханов және В.Нұржанова мекеменің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегі сіңген бірқатар кәсіподақ мүшелеріне филиалдың, басқарманың және мекеменің «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мейірбикесі Журынбаева Бахытгуль Кулмахановна, филиалдың «Алғыс хатымен»: . Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің дезинфекторы Байжанова Роза Авазбаевна мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Жорабек Жомарт Бекбайұлы марапатталды.
Әрі қарай ауыр салада жұмыс жасайтын мекеме қызметкерлерінің бір сәт көңілін көтеруге арналған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.