«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, медицина қызметкерлері күніне орай іс-шара ұйымдастырды.
Салтанатты шарада ерен еңбегімен ерекшеленген медицина саласының үздіктері түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.
Марапаттау рәсімінде «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дүйсеновтың атынан бірқатар наградалар табыс етілді. Атап айтсақ, « Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздігі» номиналды төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар медицинаға үлес қосумен қатар, ұжымдастарының мүддесін қорғап, кәсіподақ жұмысының алға басуына септігін тигізіп жүрген сала қызметкерлері марапатталды.
Сондай-ақ, жарияланған конкурстың нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. «БҚО бойынша үздік медициналық ұйым» номинациясында ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансер» МКК жеңсе, «Үздік медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымы» аталымында ШЖҚ «№6 қалалық емханасы» МКК және «Үздік стационар»номинациясы бойынша жүлдені ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Кусаинов Махамбет номиналы 100 000 теңге болатын «SENIM» БҚОФ ақшалай сертификаттарын табыстады.