Дәрігер – қастерлі мамандық

Қызылорда облыстық Жастар денсаулық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмурзаева Гүлдана Айтмағанбетқызы 1983 жылы Кызылорда каласында дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы КМУ Жаратылыстану факультетін “Валеология” мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Облыстық салауатты өмір салтын калыптастыру орталығында “Валеолог маманы” болып бастаған.

Білімін жетілдіру мақсатында 2013-2015 жылдарды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде “Педагогика психология” мамандығы бойынша оқып, Гүлдана Алмурзаева 2015 жылдан бастап Облыстық жастар денсаулық орталығында қызмет атқарып келеді.

Білікті қызметі үшін 2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен және медицина саласындағы еңбегі үшін Алғыс, Құрмет грамоталармен марапатталған.

Қоғамдық жұмыстардағы белсенділігімен, әріптестерінің әлеуметтік-еңбек жағдайларына деген қамқорлығымен ерекшеленген Гүлдана Айтмағанбетқызы орталықтың кәсіподақ көшбасшылығын абыроймен атқарып келеді.