Бұл жолы облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұжымымен кездеcті. Басқосуда Бақтияр Сайлаубекұлы кәсіподақ ұйымдарының бүгінде атқарып отырған жұмысын айтып өтті.
Бүгінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен әр өңірде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Аталған кездесулердің мақсаты – еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдау.
Басқосуда еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтау мен еңбек дауларының алдын алу турасында сөз қозғады. Сондай-ақ, «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайын жеткізді.
Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғазиз Асемов бөлімдегі ұжымдық шартқа сәйкес әр қызметкерге әлеуметтік жағдайлар жасалып жатқанын жеткізді.
Кездесу соңына Бақтияр Қараулов еліміздегі ең іргелі ұйымға айналған кәсіподақ тарапынан қашанда еңбек адамдарының мұң-мұқтажы тыңдалып, мүддесі қорғалып, сондай-ақ оларға әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетілетінін жеткізді.