Кәсіподақтардың Заң клиникасында қабылдау өтті

Павлодардағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалында филиал басшысы, кәсіби медиатор М.Иванова құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Бірінші өтініш беруші қызметкердің зейнеткерлік жасқа толуы бойынша еңбек шартын бұзуды ресімдеу мәселесі бойынша жүгінді.

Қабылдау шеңберінде өтініш берушіге осы негіз бойынша еңбек шартын бұзу тәртібі туралы құқықтық кеңес берілді.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскермен еңбек шарты жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған жағдайда бұзылуы мүмкін. Жұмыс беруші қызметкер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шарты бұзылған күнге дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Бұл ретте қызметкерге еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалған өтемақы төленеді», – деді кәсіби медиатор.

Екінші өтініш беруші еңбек шартын бұзу туралы заңсыз бұйрық шығаруға байланысты моральдық зиянның орнын толтыру мәселесі бойынша жүгінді.

Өтініш берушіге: «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 951-бабының 1-тармағына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның ішінде жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) жәбірленушілерге қарсы жасалған іс-әрекеттің нәтижесінде бастан кешкен (зардап шеккен, бастан өткерген) оның құқық бұзушылықтары» екені түсіндірілді.

Өтініш берушіге татуласу келіссөздер жүргізу және медиация тәртібімен келісім жасасу арқылы жұмыс берушіден моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу мәселесін реттеу мүмкіндігі, ал жұмыс беруші медиация рәсімінен бас тартқан жағдайда сотқа талап арыз беру жөніндегі іс-қимылдың одан әрі алгоритмі түсіндірілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасының филиалы күн сайын еңбек қатынастары саласындағы даулы мәселелер бойынша кәсіподақ мүше – азаматтарын Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3 2а кабинет мекен жайы бойынша, жедел желі телефоны 87477025840 қабылдауды жүргізеді.