ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

Медицина қызметкерлері – адамгершілігі жоғары, өз кәсібін шынайы жүрекпен сүйетін, соған адал пейілмен берілген мамандар. Сіздердің еңбектеріңіз – адамдарға риясыз қызмет етудің, кәсіби және азаматтық борышын адал өтеудің жарқын үлгісі. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрқашан құрметке ие болған және болып қала береді.

Сіздер – ардақты мамандық иесісіздер. Өмір жолын медицинаға арнау – өте үлкен жауапкершілік. Өйткені, науқастардың денсаулығы мен өмір сүру сапасы дәрігерлерге, кіші және орта медициналық қызметкерлерге байланысты. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі – бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің табысты дамуына мүмкіндік береді.

Бұл мереке әрқашан Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің қаншалықты маңызды және баға жетпес екенін еске салады.

Осындай мерейлі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, жауапты қызметтеріңізде толағай табыс тілеймін!

Құрметпен,
ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин