“ҚЫЗМЕТ” Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы “Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Белсенді ұзақ өмір сүру” арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ еңбек ұжымы өкілдерінің қатысуымен кәсіподаққа қатысудың тартымдылығы туралы презентация ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты “Белсенді ұзақ өмір сүру”арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы базасында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы мәселені қарау болды. Қызметінің негізгі бағыттары сауықтыру, білім беру қызметтерін көрсету және аға буын адамдарының бос уақытын ұйымдастыру болып табылатын Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы кәсіподақ орталығының қызметі туралы, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру шарттары, оған мүше болу және еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы хабардар болды.
Сондай-ақ, Татьяна Николаевна кездесуге қатысушылардың сұрақтарына қуана жауап беріп, белсенді ұзақ өмір сүру Орталығының қызметкерлеріне әлеуметтік маңызы бар еңбектері үшін алғысын білдірді.
Ашық диалог пен пікір алмасу нәтижесінде “ҚЫЗМЕТ” салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін жаңа кәсіподақ бастауышын құру туралы алқалы шешім қабылданды.