Еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша құрылған жұмыс тобының өкілдері «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС салып жатқан Есo Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды.
Қазіргі сәтте бас мердігер келісім жасаған 4 қосалқы мердігерлердің монолитшілері жұмыс жасауда. Бүгін елордадағы желдің қатты екпініне орай, құрылыстағы 5 мұнаралы кранды пайдалану уақытша тоқтатылған.
Тұрғын үй құрылысының әр қабатында уақытша қатты қоршаулар және кіре беріс қоршаулары қойылмаған, орнына жәй ғана ленталар ілінген. Бұл, әрине қауіпсіздік шараларының сақталмағандығын көрсетеді. Компанияның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері қатты қоршаулар жуық арада қойылады деп сендірді.
Мониторинг барысында жұмыс тобының өкілдері бұйрықтарды шығаруда құжаттарды дұрыс рәсімдеуді, мұнаралы крандармен жұмыс жасау жобасын талапқа сай реттеуді түсіндірді.
«Нұр Астана Құрылыс» ЖШС компаниясының өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жою үшін үш күн уақыт берілді.