КМҚК №120 бөбекжай балабақшасы ұжымымен “Қауіпсіздік және еңбекті қорғау” туралы жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында «Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына орай, кәсіподақтардың әрдайым еңбеккерлердің еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстайтындығы айтылып, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша қызметкерлерді оқыту негіздерін, сондай-ақ, техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, қатысушылармен аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, ашық диалог түрінде өткен кездесуде кәсіподақ мүшелері өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Жиналыс барысында балабақшаның еңбекті қорғау жөніндегі инспекторы С.Ахметжанова сөз сөйлеп, қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары,
жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Балабақша ұжымы керекті ақпаратпен толығымен танысты.