Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Наразы ортамен жұмысқа тартылған спикерлерді даярлау жөніндегі өңірлік тренинг ұйымдастырды.
Бұл тренингке Актөбе облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары І.Кенжебай қатысты. Семинар-тренинг барысында әртүрлі деңгейдегі наразы топтармен жұмыс жасау, дау туындаған жағдайда келісім жүргізу және медиация тәртібімен реттеу туралы жан-жақты сараланып, ортақ шешім жолдарын табу үшін озық тәжірибелерді колдану туралы жан-жақты айтылды. Екі күндік семинар-тренинг барысында Ізбасар Кенжебай практикалық маңызы зор екенін атап өтті. Келісімдер жүргізуді кәсіподақ саласында одан әрі жетілдіруге дағдыландыру жұмыстары барысындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг соңында катысушыларға сертификаттар табыс етілді.