Байдаркада және каноэде есуден бастауыш кәсіподақ ұйымы бас жүлдені иеленді

Орал қаласында байдаркада және каноэде есуден Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиада ойындары аяқталды. Жарыс қорытысында Ольга Подойникова баптайтын Шымкент қаласының спортшылары 17 алтын, 5 күміс, 6 қола медальді жеңіп алып, бас жүлдені иеленді. Түркістан облысы II орынды, Қарағанды облысы III орынды жеңіп алды.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі байдарка және каноэда есу бөлімінің аға жаттықтырушысы  Евгений Алексеев бастаған бапкерлердің еңбегі зор.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-сі “Қызмет” салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы бар мекеме.