23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Шардара қаласының орталық стадионында аудан әкімшілігі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Шардара аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруыен мемлекеттік қызметшілер арасында волейбол спорты түрінен аймақтық достық кездесу өткізілді. Спартакиаданы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысытық филиалының басшысы Күлдар Есебаева және ардагер спорт саңлақтары ашып, шын жүректен құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі.
Жарысты өткізудің басты мақсаты – Президентіміздің Қазақстан халқына арналған жолдауларында денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықты салауатты өмір салтына баулу, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу арқылы олардың жұмысқа деген қабілетін көтеру, мемлекеттік қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты орнықтырып, байланысты нығайту, жастарды денешынықтыруға шақыру немесе спортпен айналысуға ұмтылу, салауатты өмір сүрудің үздік көрсеткіштеріне қол жеткізу, тұрақты спорттық жарыстар өткізу, мемлекеттік қызметшілер басқаларға үлгі көрсету және үлгілі болу болды.
Жарыс алғашқы сәттен-ақ тартысты басталып, өте жоғары деңгейде тартысты әрі әділ өтті. Жарыс бар жерде жеңіс бар, жеңіліс бар.
Жарысқа жанкүйерлерімен қоса есептегенде екі жүзден аса адам қамтылды. Таңертең басталған жарыстың қортындысы түс ауа белгілі болды.
Жеңіске жеткен командалар және барлық жарысқа қатысушылар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалы мен Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кету керек, Сарыағаш аудан әкімі орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлының Сарыағаш ауданы командасының құрамында ойнап, командаға дем беріп, спортты насихаттауда жастарға үлкен үлгі-өнеге көрсете білді.