23 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі.Кез келген мемлекеттің күші оның қызметкерлерінде, елді алға жылжыту, табысты ете білу қабілетінде.Мемлекеттік қызметшінің еңбегі адамнан кең ауқымды білімді, жауапкершілікті және ұстамдылықты талап етеді. Жалпы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі, заңдылықты қамтамасыз ету және т.б. мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне байланысты.
21 және 22 маусымда «Қызмет» кәсіподағының елордалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов пен оның орынбасары Алима Бекназарова Астана қаласы әкімінің аппараты, Есіл, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандық әкімі апппараты, сондай-ақ Дін істері басқармасы, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы, Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаған Атақозы Нұрланов: «Кез келген мемлекеттің дамуы мен табысты болуы, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің жемісті жұмысына байланысты. Мемлекеттік қызметке адалдық танытып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз жандана Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, кәсіби өсу, еліміздің нығаюы жолындағы және халыққа қызмет ету жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», -деді.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Илья Скуб «Кәсіподақ қайраткері» медалімен марапатталды. Айта кету керек, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 17 жыл бойы «Қызмет» кәсіподағының астаналық филиалының құрамында және осы уақыт ішінде әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал етіп, барлық өтіп жатқан кәсіподақ іс-шараларына белсене атсалысып келеді.
Сонымен қатар, кездесулер барысында осы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақтың ең белсенді мүшелері көп жылғы адал еңбегі, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін «Құрмет» грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша кәсіподақ филиалының Атқару комитеті атынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарына шипажайларда 25 пайыздық жеңілдікке сертификаттар табыс етілді.