Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов Меркі ауданы Ойтал ауылында орналасқан «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Зауыт басшысы Дастан Айтүленовтың айтуынша, қазіргі таңда бұл кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтуде. Зауыт қатты ірімшіктер – «Костромской», «Голланд», «Орыс», қаймағы алынбаған сүт өнімдері – айран, ашытылған пісірілген сүт, қаймақ шығарады. Тәулігіне 30 тоннадан аса шикізат өңдейтін кәсіпорында бүгінде 100-ден аса жұмысшы қызмет етуде. Барлығы кәсіподақ мүшесі.


ҚР Кәсіподақтар федерациясының биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар мен бөлім басшыларына еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу, оны болдырмау мәселелері жан-жақты айтылды.

Осы орайда ҚР Кәсіподақтар федерациясы тарапынан қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы өндірістік кәсіпорындарда техникалық инспекторлардың жұмысы мен қызметіне аса мән беру маңыздылығы жеткізілді.

Бастауыш кәсіподық ұйымының төрайымы Ольга Кириакова кәсіподақ тарапынан осындай пайдасы бар тақырыптық мағыналы кездесудің маңыздылығын айта келе, зауыттағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарына жауапты мамандарға, техникалық инспекторларға арнайы оқу-семинар өткізуді сұрады. Алдағы уақытта облыстық кәсіподақтар орталығының мамандарымен кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар өктізу жоспарлануда.

Кездесуде Бахтияр Сайлаубекұлы жұмысшылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.