Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы

23 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Кез келген мемлекеттің күші – оның қызметкерлерінде, елді алға жылжыту, табысты ете білу қабілетінде.
Мемлекеттік қызметшінің еңбегі адамнан кең ауқымды білімді, жауапкершілікті және ұстамдылықты талап етеді. Жалпы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі, заңдылықты қамтамасыз ету және т.б. мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігіне байланысты.


«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә. Қыдырманов және «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы Қ.Жақсылық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік шарада бірқатар кәсіподақ қозғалысының белсенділері «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төс белгілерімен, салалық кәсіподақ пен аумақтық кәсіподақ бірлестігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.