«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде үздіктерді марапаттау шарасы өтті.
Іс-шарада департамент басшысы Ш.Сұлтанхан және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, әдеп кеңесінің мүшесі С.Әуесханов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне, кәсіподақ төрағасы Марат Абдимажидұлы Тажибаевқа және кәсіподақ хатшысы Айнур Келгенбекқызы Жалмурзаеваға «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы мен «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты тапсырылды.
Шымкент қаласының мемлекеттік органдар қызметшілері арасында спорттың 7 түрінен /шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд және ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ/ өткен спартакиада жарысының қортындысымен жалпы командалық есеп бойынша жүлделі орынды иеленген: 1 орын – Шымкент қалалық соты, 2 орын – Тұран ауданы әкімінің аппараты, 3 орын – Шымкент қаласы әкімінің аппараты командаларының капитандарына дипломдар мен кубоктар табысталды. Ойын түрлері бойынша жеңімпаздарға «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы тарапынан 27 сыйақы белгіленіп, оларға жалпы 540,0 мың теңге қаржылай сыйақы берілген.