24.kz: “ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ САЙЫН 200 АДАМ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ҚАЗА ТАБАДЫ”

Жыл сайын елімізде 1500-ден аса өндірістік жазатайым оқиғаға жол беріледі. Оның 200-ге жуығы өліммен аяқталады. Әсіресе тау-кен металлургия мен құрылыс саласындағы көрсеткіш алаңдатады. Бұл туралы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты. Қазір 400 мыңға жуық қазақстандық зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Еліміз бірқатар халықаралық еңбек ұйымына мүше. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ке, қаза тапқандар 8,4%-ке азайған. Дегенмен апат айтып келмейді. Әлемде климаттың өзгеруі, цифрландыру сияқты жаңаша өзгерістер жұмысшыларға әсер етіп жатыр. Сол себепті мүмкін болатын қауіп-қатердің алдын қазір алу маңызды.

Сергиус Гловацкас, ХЕҰ жұмысшыларының қызметі бойынша Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі: – Мен шахтадағы еңбек қауіпсіздігін қорғау бойынша конвенцияны ратификациялауды ұсынамын. Өйткені бұл – сіздердің байлықтарыңыз. Қазақстандағыдай шахта жұмысшылары әлемнің көп елінде жоқ. Олардың қауіпсіз жұмыс істеп, лайықты еңбекақы алуы өте маңызды. Осы себепті жалақы бойынша, әлеуметтік қолдау, отбасы сияқты конвенцияларды да ратификациялау қажет. Мемлекеттік бағдарламаларыңыз бар. Соны халықаралық ұйымдармен бірге жүзеге асыруға болады.   Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы Жыл соңына дейін елімізде қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленеді. Басты мақсат – өндірістегі жазатайым оқиғаларды азайту. Түйткіл Қазақстанға ғана тән емес. Сол себепті Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар өкілдері Астанада бас қосты. Олар 2 күнге созылатын конференцияда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек инспекциясының жұмысын жүйелеу мәселелерін талқылайды.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: – Осы күнге шейін қалыптасқан модель жазатайым оқиға болғаннан кейін өзіндік әсерін беру, зерделеу, содан кейін ғана конпенсация беру арқылы шешуге болатын. Осы мәселе еңбек қауіпсіздігі концепциясы қарастырылды. Қазір сол мәселе республика қарауына өткізіледі. Сол жерде басқа модельге өту мәселесі қарастырылған.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/606421-elimizde-zhyl-sajyn-200-adam-zhazatajym-o-i-alardan-aza-tabady