«ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының үйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде 10 жыл бойы (2013 жылдан бастап) атап өтілетін Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, кәсіподақ жетекшілері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Ербол Жолданғар бүгінде көпвекторлы трансформация процесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысы қызметтің тиімділігі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекеттік басқару институттарына халықтың сенімін және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін нығайту бірінші кезектегі міндеттер болып табылады.
Салтанатты түрде өз жұмысында жетістікке жеткен Қарағанды облысының 40-тан астам мемлекеттік қызметшісінің еңбегі атап өтілді, Төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
«ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Татьяна Шатохина барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, ең бастысы – қазақстандықтардың, еңбек адамдарының игілігі үшін жұмыс істеу екендігіне назар аударып, кәсіподақ мүшелеріне адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысқаны үшін «ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының наградаларын табыс етті,
Мемлекеттік қызметшілерді шын жүректен құттықтап, іс-шараға Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша бірінші басқармасының бұрынғы басшысы Ғабит Тұяқов және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалы директоры Серікжан Байбосынов қатысты.