Еңбек заңдылығын сақтау жөніндегі арнайы құрылған жұмыс тобының өкілдері «General Capital Company» ЖШС салып жатқан Tengri тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын бақылады.
Қазіргі сәтте тұрғын үй кешенінің сыртқы бетін қаптау, ішкі сылақ, әрлеу жұмыстары, электр қондырғыларын орнату және абаттандару жұмыстары жүргізілуде.
Мониторинг барысында «General Capital Company» ЖШС келісім жасаған қосалқы мердігерлері жұмысты қауіпсіз жүргізуге, оның мазмұнын, орнын, басталу және аяқталу уақытын, қажетті қауіпсіздік шараларын, бригаданың және жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты адамдардың құрамын анықтайтын арнайы рұқсаттама-нарядты жүргізбегенін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуін бақылау бұйрығына сәйкес жауапты мамандар күнделікті танысу парағына қол қоймаған. Сондай-ақ, өндірістік бақылау ережесін ұсына алмады.
Компания өкілдеріне жіберілген кемшіліктерді жою және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау міндеттелді.