2023 жылғы 25-29 маусым аралығында Павлодар қаласында «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ бастамасымен Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесін трансляциялау бойынша республикалық іс-шара өтуде.
2023 жылғы 26 маусымда «Білім, ғылым және жоғары білім беру кәсіподағының ерекшеліктері, мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, оны «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырды.
Конференция қатысушыларына ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия елдері бөлімінің меңгерушісі С.Гловацкас, ҚРКФ төрағасының орынбасары Г.Жұмагелдиева, С.Торайғыров университеті ректоры Е.Садықов, ЕХӘҚМ жанындағы РНИИТ бас директорының орынбасары А.Бекмағамбетов, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы С.Айтқазина, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Г. Науразбаева құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияның пленарлық отырысына қатысушыларға Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.
Іс-шара модераторы Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы А. Мұқашева өз сөзінде «Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» салалық кәсіподақ тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталды.
Конференцияға қатысушылар «Жас ғалым» бағдарламасы аясындағы жас ғалымдардың әзірлемелерімен және ғылыми жобаларымен, Торайғыров университетіне экскурсия барысында кәсіподақ емханасының жұмысымен танысты.
Республикалық іс-шара бағдарламасы бойынша 2023 жылғы 27 маусымда №8 Ақсу жалпы орта білім беру мектебінде «Kasipodag Project Management- кәсіподақ жобалық менеджмент питч-сессиясы өтті.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ ұйымдастырған іс-шара «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ жұмыс тәжірибесін трансляциялау мысалында кәсіподақ білім беру ұйымдарының үздік тәжірибесін зерделеуге және ілгерілетуге ықпал етеді.