Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесті.
Аталмыш ұйым өз жұмысын 2023 жылдың ақпан айынан бері жүргізіп келеді. Аз уақыт ішінде бірнеше өңірлік және аймақтық деңгейдегі ауқымды шаралар өткізіп, еңбеккер мүддесін қорғауда көптеген жұмыстар атқаруда.
«Семсер-өрт сөндіруші» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері тегін заң көмегін алуға, қажетті жағайларда материалдық көмек, қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларға, әлеуметтік қорғау құралдарын пайдалануға құқылы. Кәсіподақ өз қызметін ұжымдық шарт негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің шипажайда демалуға мүмкіндігі бар.
Мекеменің кәсіподақ жұмысымен танысқан Айгүл Орақызы еңбеккерлердің сұрақтарына жауап беріп, «БҚО Кәсіподақтар орталығының» жұмыс барысына тоқталып, «Заң клиникасы» жобасы жөнінде ақпарат беріп, еңбеккерлерге кез-келген уақытта офлайн және онлайн түрінде құқықтық және заңнамалық көмек берілетіндігін айтты.
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кездесулер өңірдің шалғай аудандары мен қала қызметкерлерін түгел кездесіп, сұхбаттасып, жай-күйін білуге көп септігін тигізеді. Аталмыш акция аясындағы кездесулер әлі де жалғасын таппақ.