«Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың қабылдауында болды.
Кәсіподақ төрағасы кездесу барысында «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың 2023 жылғы бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы айтты.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстың кәсіподақтар бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімнің орындалу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, облыстағы әлеуметтік әріптестік, еңбекақы төлеу және еңбек қауіпсіздігінің іске асу барысы қаралды.