Қасиетті Құрбан айт және «Қазпошта – 30 жылдығы» мерекелеріне орай пошта байланысының Ақмола облыстық филиалы «Қамқорлық» атты шараларды өткізуде. Қайырымдылық – бұл мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі, әр адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі болып табылады.
Облыстық филиалдың директоры Қайрат Балапанұлы Бекенов және филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Қалдығыз Ұсманәілқызы Тұрдықұлова Бұланды ауданы Макинск қаласындағы «Арнайы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып, тағдыр тауқыметіне түсіп, мүмкіндігі шектеулі науқас жандармен кездесіп, оларға қайырымдылық көмек ретінде тегін газет-журналдарға жазып, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етті.
Облыстық пошта байланысы филиалының директоры Қайрат Балапанұлы өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға алдағы уақытта да көмек көрсетілетін болатындығын және олардың қоғам өмірінен тыс қалмайтындығын айтты.
Аталған мекеме директоры Ларионова Надежда Николаевна, зейнеткерлікке шықанға дейін Бұланды аудандық пошта байланысы торабын басқарған, өз ұжымының атынан, облыстық пошта файланысы филиалының басшылығына және кәсіподақ ұйымына ризалығын білдіріп, шексіз алғысын айтты.
«Ақпарат, коммуникациялар және байланыс жұмыскерлерінің
салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ақпараты