«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ БҚО филиалының жарты жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес отырысы өткізілді.
Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ жетекшілері, сонымен бірге қаламыздағы іргелі ұжымдар – «Жайық Пресс» ақпарат холдингі, «Таза қала» ЖШС-нің басшылары мен кәсіподақ жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде кәсіподақ жұмысының рөлін арттыру, қолданыстағы заңдарды пайдаланып, ұжымдық шарттарды жетілдіріп және оны қызметкерлердің мүдделерін қорғауға дұрыс пайдалану, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде салалық кәсіподақтың БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырханов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Жайық Пресс» ЖШС директоры, қоғам қайраткері Табылғали Сатқалиұлы, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Махамбетұлы қосымша баяндама жасады.
Ұжымдағы қызметкерлердің мүддесін қорғап, еңбек құқықтарының бұзылмауына қамқорлық жасап отырған мекеме басшыларымен, кәсіподақ белсенділері мен жетекшілерін салалық кәсіподақтың Алғыс хаттармен марапатталды.