Құрылыс барысы тексерілді, кемшіліктер айтылды

Астанада құрылыс нысандарына бақылау жүргізіп жатқан жұмыс тобының мүшелері «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС салып жатқан «Асыл тау» тұрғын үй кешенінде болды.

Бақылау барысында Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті тарапынан крандармен жұмыс жасауға рұқсат беретін құжатқа ешқандай қолтаңба мен мөр қойылмағаны анықталды. Сондай-ақ, крандармен жұмыс жасау жобасының сызбасы дұрыс жасалмаған.

Қазіргі сәтте тапсырыс беруші компания 20 қосалқы мердігермен келісім жасаған. Бірақ соның ішінде екі қосалқы мердігер құжаттар тізбесін ұсына алмады.

Бұдан басқа жұмыскерлердің ас ішетін және киім ауыстыратын орындары санитарлық талапқа сай емес болмай отыр.

«Нұр Астана Құрылыс» ЖШС компаниясының өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жою үшін үш күн уақыт берілді. Оған дейін крандармен жұмыс жасауға тыйым салынды.