«Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ ұйымы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қызылжар орта мектебінің 1 «Д» сынып оқушысы Ханшайым Жанкелді Бишкек қаласында өткен халықаралық «Менталды арифметика» жарысынан 4-13 жас ерекшелігі бойынша еліміздің атынан сынға түсіп, 2 орынды жеңіп алды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан білім додасында оза шауып бәйге алған кішкентай Ханшайымды кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров шылы шыраймен қарсы алып, марапатымен құттықтап, жарқын болашағына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Ханшайым Жанкелді небәрі 6 жаста. Ол Ақтөбе қаласындағы өңірлік білім беру «Дария» оқу орталығында менталды арифметика бойынша білікті ұстаздардан қосымша білім алады. Екінші сыныпқа енді ғана көшкен кішкентай Ханшайымның есепке жүйріктігі соншалық оның қоржынында 10 шақты медаль бар. Әкесі Нұржан Абдигалиев Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехында 16 жыл жұмысшы болып жұмыс істейді. Нұржан Абдигалиев – көпбалалы әке.
«Балаларымның ішінде Ханшайым өте алғыр, есепке жүйрік екендігін аңғарған соң қосымша білім алсын деп ақылы «Дария» оқу орталығына бердім. Оқу орталығында өз білімін дамыта отырып, түрлі білім сайыстарына, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып үнемі жүлделі орындарға ие болып бізді қуантып келеді. Жолдасым Маншук балалардың сабағын қадағалапүй шаруасымен айналысады.Бұйыртса алтыншы баламыз дүние есігін ашатын күнде алыс емес. Отбасымда жалғыз табыс табатын мен болғандықтан кейде халықаралық байқауларға жіберуге үнемі қаражатымыз бола бермейтінін несіне жасырайын. Осы жолы Бишкекте өткен халықаралық «Менталды арифметика» байқауына кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап қаражат бөлді. Өзіме сонымен қатар отбасыма да қамқорлық танытып отырған кәсіподақ ұйымына алғысым шексіз», – дейді Нұржан Абдигалиев.