Бүгін құрылыстағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбек жағдайларын бақылау мақсатында әлеуметтік әріптестермен бірлесіп құрылған жұмыс тобы «Sensata Group» ЖШС салып жатқан «Dara Residence» тұрғын үй кешенінде болды.
Тапсырыс беруші компания құрылысты салуға 18 мердігермен келісім жасаған. Қазіргі сәтте 200-ге жуық құрылысшы жұмыс істейді. Жалпы құрылысшылар арнайы жұмыс киімдерімен және қорғаныс құралдарымен қамтылған. Медициналық пункт жұмыс жасайды. Асханасы тиянақты, әрі таза. Түскі астың бағасы бір мың теңге.
Мониторинг барысында шетелдік жұмысшылардың заңсыз жұмыс істеп жатырғаны анықталды. «Sensata Group» ЖШС абаттандыру жұмысымен айналысып жатқан түріктің «Global Star Invest» компаниясымен келісім шартын жасамаған. Осыған байланысты тапсырыс беруші компанияға басшылығына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуды заңды ресімдеуге талап қойылды.
Сондай-ақ, бақылау кезінде жұмыс тобының өкілдері құрылыс кешеніндегі цехта шылым шегіп жүрген жұмыскерлерді байқап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.