Кәсіподақ салауатты өмір салтын қолдайды

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде филиал қызметкерлеріне арналған спорт залы ашылды. Кешеннің алтыншы қабатында орналасқан залда спортпен шұғылданамын деген қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Әртүрлі тренажерлар, жүгіру жолдары, боксқа арналған құрылғы, әртүрлі салмақтағы дискілері бар штангалар және т.б. бар.

«Спорт денсаулықты жақсартады және өз жұмысына қанағаттануды қамтиды. Осыдан екі жыл бұрын спорт залды ашу туралы кәсіподақ ұйымы бастама көтерген еді. Осы уақыт ішінде кәсіподақ мүшелері залды толығымен жөндеп, қалыпқа келтірді. Және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Әлеуметтік саясат департаменті мен «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің «Астана» филиалы қолдау көрсетіп, қажетті спорт жабдықтарымен қамтамасыз етті. Өз тарапымыздан да тиісті қаражат бөлінді», – дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені кәсіподағының төрағасы Бейімбет Ұлазбек.

Қызметкерлердің спортпен шұғылдануына зал толығымен дайын деуге болады. Жақын арада ерлер мен әйелдерге арналған жуынатын бөлмелер ашылмақшы.