Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Жиын барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінде талқыланған жарты жылдық жұмыстың қорытындысы айтылып, алдағы жартыжылдыққа жоспарлар қойылып, нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында салалық кәсіподақ төрағалары 2023 жылдың бірінші жартысында «Заң клиникасы» жобасы мен «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өткен шаралар жөнінде есеп беріп, оларды тиімді ұйымдастыру бойынша кеңестер алды.
Шара соңында БҚО «Кәсіподақтар орталығы» төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төсбелгісімен марапатталды.