«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Заң клиникасының қызметіне Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны А есімді азаматша Заң аясында көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматшаның айтуынша, жұмыс істеп жатқан жұмыс орнынан күндізгі жұмыс істеу уақыты түнгі ауысым жұмыс істеу уақытына ауысқан.
Осыған орай, түнгі ауысым бойынша жұмыс істеуіне байланысты түнгі уақыттағы төленетін еңбекақының төлену мөлшері қандай болатынын сұрап, өз уәжін білдірді.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасының мамандарымен істің мән-жайы тыңдалып, өтініш білдіруші азаматшаға ҚР Еңбек кодексінің 110 бабының талаптарына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленетіні сондай-ақ, осы Кодекстің 76 бабына сай, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелетіні жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді.