Әлеуметтік әріптестік аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған қауіпсіз еңбек жылына орай Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының және «КАЗПРОФТРАНС» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілдері «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ ұйымдастаруымен жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне кепілдік беру бөлігінде еліміздің еңбек заңнамасының нормаларын айқындайтын мәселелер бойынша Қарағанды өңірінің көлік саласы кәсіпорындарымен онлайн-алаңда өткізілген кездесуге қатысты.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық нормаларды ашық түсіндіруде кеңеске қатысушылар өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек ұжымдарындағы кәсіподақтар тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылаудың рөлін арттыру, көлік кәсіпорындарындағы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау және еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша кәсіподақ ұйымдарымен өзара бірлескен жұмыстың алдағы жолдарын айқындап, пікір алмасты.
Ұсыныстар Еңбек Адамы мүддесі үшін әлеуметтік әріптестік шеңберінде тараптардың жұмысында ескерілетін болады.