ҚРКФ Заң клиникасында азаматтарды қабылдау өтті

2023 жылғы 1 шілдеде бес бөлім, 22 тарау және 263 баптан тұратын Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі күшіне енді. Құқықтық актінің кейбір нормалары отбасының цифрлық картасы, атаулы әлеуметтік көмекті күшейту, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реттеу, халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер болып табылады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасының филиалында Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексімен реттелетін құқық нормаларын қолдану мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.


ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванованың қатысуымен қабылдау жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін анықтау және жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін қажетті еңбек қызметі фактісін анықтау тәртібі мәселелері бойынша құқықтық кеңес беруге мүмкіндік берді.