Кәсіподақ мүшелерінің демалысы ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысы ұстаздары оқу жылын ойдағыдай аяқтап, еңбек демалысын тиімді өткізуде. Жазғы демалыс кезінде облыс бойынша 60-қа жуық кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.


Қазіргі таңда педагогтер мен кіші қызметкерлер, кітапханашылар «Щучинск», «Сосновый бор», «Дискавери – Боровое» және тағы да басқа шипажайларда демалуда. Айта кетейік, шипажайларда суы таза табиғи күйінде көп түрлі ем қолданылады. Ішу, тоқ ішекті шаю, асқазанды жуу, әртүрлі емдік жасау, минералды ванналар, су астында сумен массаж, циркулярлы душ сияқты емдеудің арнайы түрлері бар.

Айтуға жөн, кәсіподақ мүшелері тек жазғы демалыста емес, жыл бойы – күзгі, қысқы, көктемгі демалыста да демалып, ем алып, денсаулықтарын нығайтуға мүмкеншіліктері бар.
2023 жыл басынан 1800-ге жақын кәсіподақ мүшелері денсаулықтарын нығайтып, Қазақстан Республикасының шипажайларында және демалыс үйлерінде демалды.