«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратына «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалының құрамындағы «Туркестанская Транспортная Компания» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ белсенділері келіп, кәсіподақтың ағымдағы жұмыс барысын талқылады.
Кездесуде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев автопарк қызметкерлері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, еңбек шартын және ұжымдық шарт жасасудың түпкі негізі жұмыскердің құқын қорғау және әлеуметтік жағдайын жасауға бағытталғаны кеңінен түсіндіріп, қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс жасау үшін Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігінің қатаң сақталуын тілге тиек етті.
Кәсіподақтың тиімділігі жайлы толық ақпараттанған автопарк қызметкерлері алдағы уақытта мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандырып жүргізетінін айтты. Айта кетейік, бүгінде «Туркестанская Транспортная Компания» автобус паркі 34 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен айналысады. Компания қабырғасында 1200 адам қызмет жасайды.