« Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев
« Ауыл аманаты» жобасын елді –мекен тұрғындарына жете түсіндіруге бағыталған жұмыстарға белсене үлес қосуда.
Ол облыстық ардагерлер кеңесінің құрамында елді мекендерді аралап, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесіп, жалпы көпшіліктің көкейіндегі ой-пікірлерін жете білу маңызды деп санайды.
Ақтөбе облысында бүгінде тұрғындар «Ауыл аманатына» қатысу үшін 1,4 мыңнан астам өтінім берген, оның ішінде жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын 1292 жоба мақұлданған.