«Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ ұйымы және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров кәсіпорынның 80 жылдық мерейтойында I дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі таңада кәсіподақ ұйымының көптеген игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген Әбілқайыр Сотқаров Ақтөбе облысы Әйтеке би ауылының тумасы. 1993 жылыАлматы қаласындағы политехникалық институттың «Түсті металлдар металлургиясы» факультетін бітірген. Әбілқайыр жауапкершілігі мол саланы таңдап осы зауытқа қарасты №1 балқыту цехында балқытушы мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын бастаған болатын. 1994 -1996 жылдар аралығында ауысым өндіріс шебері, 1997 жылы №3 цехтың өндіріс аға шебері, 2006 жылы №3 цехтың бастығы, шикіқұрам дайындау цехының бастығы,2008 жылы №1 балқыту цехының бастығы, 2009 жылы №2 балқыту цехының бастығы, білімімен біліктілігін өндіріспен ұштастырған тәжірибелі маманды әріптестері 2022 жылы «Қазхромның»біріккен және Ақтөбе ферроқорытпа зауытыбастауыш кәсіподақ ұйымын басқаруға лайықты тұлға деп бір ауыздан қолдау көрсеткен болатын. Кәсіподақ ұйымын тізгіндеген күннен бастап жұмыскерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, сапалы шараларға бастама болып іске кірісіп-ақ кетті.
Шынайы – еңбек адамның шырайын шығарып, берекесін арттырады. Металлургияның қай саласына барса да жұмыстың уақытылы әрі тиянақты орындалуын қадағалап ұжымдағы ауызбіршілікті сақтап, көмек сұрағандарға көмек қолын созып қамқорлығын танытатын Әбілқайыр Сотқаров бір жылдан астам уақыт ішінде өзінің қарапайымдылығы, қажырлығы мен алға қойған мақсаттарын бағындыруға ұмтыла білген қабілет-қарымының арқасында кәсіподақ ұйымының да жұмысын дөңгелетіп әкетті.
Әрдайым тура сөйлеп, адал іс атқарып, қарапайым жұмысшылардың сонымен қатар еңбек ардагерлерінің мұң-мұқтажын ескере отырып, шешімін күткен үлкен игі істердің оңтайлы шешілуін қадағалап, ұтымды ойларымен қызу-тірліктің бел ортасында жүретін кәсіподақ басшысының беделі жоғары. Келген күннен бастап-ақ, өндіріс қауіпсіздігі, техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру, кәсіпорынның байлығы болып саналатын жұмыскерлердің әл-ауқатын көтеру, ақылдың кенін арқалаған данагөй қарияларымыз ардагерлер кеңесінде тұрған 900-ге жуық қарт металлургтердің сұраныс-талаптарын ескере отырып оларға қолдау көрсету аға ұрпақтың алдындағы міндеттерін де абыроймен атқарып келеді.Техникалық инспекторлардың жұмысын күшейту мақсатында іс-тәжірибесі мол жоғарғы білімді зейнеткер Бейбіт Нұртаевтың жетекшілігімен оқу ісі де жақсы жолға қойылған.