«Қызмет» салалық кәсіподағымен балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылуда

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы кәсіподақ мүшелері балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруда. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы «Тау самалы» және Түркістан облысында орналасқан «Тау шыңы» балалар лагерлеріне он күндік демалыс жолдамасына кәсіподақ мүшелеріне елу пайыздық жеңілдік берілді.

«Тау самалы» лагерінде көңілді ойындар, спорттық жарыстар, ән, би, пародия кештері, «Жайдарман», «Тау самалы дауысы», «Тәрбиеші мен тынығушы», «Танылмаған таланттар» т.б. байқау, сайыстар өткізіліп, Құттықожа бұлақ басына саяхат жасаса, «Тау шыңы» лагерінде де түрлі қызықты шаралар өткізіліп, Алатау бөктеріндегі «Тамшылы бұлақ» үңгіріне саяхат жасап балаларға қуаныш, позитивті көңіл-күй сыйлады.

Кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған балалар демалысының жолдамасымен ағымдағы жылы барлығы 59 бала демалды.