Бадамша балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушы-оқытушысы Серік Амандаулетұлының жалпы еңбек өтілі – 18 жыл. Осы 18 жыл ішінде талай спортшыларды тәрбиелеп, үлкен жетістіктерге жеткізді.
Соның ішінде шәкірті Мөлдір Серікқызы тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР әйелдер құрама командасының мүшесі, ҚР жастар чемпионатының үш дүркін чемпионы, ҚР Федерация кубогінің иегері, ҚР командалық әйелдер чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Баян Серікқызы тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР әйелдер құрама командасының мүшесі, ҚР жастар чемпионатының екі дүркін чемпионы, ҚР командалық әйелдер чемпионатының жеңімпазы. Жұлдыз Аспантаева Ақтөбе облысы бойынша III орын жүлдегері. Арайлым Ұзақбаева жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан Ақтөбе облысының чемпионатында III орынның жүлдегері атанды. Серік Амандаулетұлы шәкірттерін тәрбиелеуден бөлек ұлттық спорт түрлерінен жарыстарда төрешілік қызметін атқарады.