Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 80 жылдық мерейтойына орай кәсіподақ ұйымына қарасты техникалық кітапхананың ұйымдастыруымен зауыттықтар арасында «Ең үздік оқырман», «Ең көп кітап оқитын үздік цех» байқаулары ұйымдастырылған болатын. Осы байқаудың қорытындысы бойынша еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің маманы Диляра Нұрғожина «Ең үздік оқырман» аталымы бойынша жеңімпаз атанса, «Ең көп кітап оқитын үздік цех» номинациясын Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімі жеңіп алды.
Байқаудың мақсаты оқырмандардың санын, зауыттықтардың кітапқа деген құштарлығын арттыру, зейінін ашу және байланысты нығайту болды. Мерейтой қарсаңында оқырмандардың сұрауы бойынша отбасы тәрбиесіндегі ұлттық және отбасы құндылықтар, ұлттық тәрбие, менеджмент тақырыбын зерттейтін, электрондық сауда саласында табыс табу, түпсананы тазарта отырып, өзін, өмірін өзгертетін және психологиялық және ұлттық рухани қазыналарды байытатын кітаптар сатып алынған болатын. Бұл жаңа кітаптар зауыттықтардың зейін ашып, қызығушылығын арттыра отырып, үздік оқырманды анықтап, ынталандыруға мүмкіндік берді. Бір жарым айдың ішінде техникалық кітапхананың оқырмандарының саны 70 адамға артып, 100-ге жуық кітап оқылды. Іс-шараға әр цехтан, бөлімшелерден қатысқан оқырмандар бірінен-бірі асып түсіп, жаңа кітаптарды қолдан-қолға алып оқумен болды.
Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман» аталымы бойынша еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің маманы Диляра Нұрғожина 1-орынды жеңіп алса, 2-орын қоршаған ортаны қорғау зертханасының басшысы Жұпар Биримжанованың еншісіне тиді. Ал «Ең көп кітап оқитын үздік цех» аталымы бойынша Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімі және қоршаған ортаны қорғау зертханасы өзара бөлісті. Жеңімпаздар кәсіподақ ұйымының арнайы дипломы мен ақшалай сыйақысына ие болды.