Жастарды жақсылыққа баулыған жан

Тұрсынбаев Жұмабай Атабайұлы 1986 жылы Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» факультетін тәмамдап, 1991 жылы Өзбекстан Республикасының футбол федерациясында мемлекеттік жаттықтырушы, 1993-2011 жылдар аралығында Нөкіс педагогикалық институтында жаттықтырушы-мұғалім қызметтерін атқарған. 2001 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматы футбол федерациясына бөлім басшысы болып тағайындалады. 2011 жылдан бастап облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футболдан жаттықтырушы-оқытушы қызметін атқарады. «Ақтөбе» ардагерлер клубының төрағасы. 2021 жылғы ҚР Чемпионатының жеңімпазы, 2022-2023 жылы Тараз қаласында өткізілген ҚР Чемпионаттарының күміс жүлдегері.

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, Жұмабай Атабайұлының шәкірттері бірнеше чемпионаттардың, турнирлердің жеңімпаздары. 1997 жылғы жасөспірімдер арасында өткізілген Қазақстан Республикасы Чемпионатының, 2014 жылы Тараз қаласында өткен оқушылар спартакиадасының чемпиондары болса, 2015 жылы Семей қаласында өткен «Кубок миллионов» турнирінің жеңімпаздары. 2000 жылғы жасөспірімдер арасындағы Н.Козельконы еске алуға арналған Халықаралық турнирде 2-орынды, А.Шохтыны еске алуға арналған Халықаралық турнирде 3-орынды иеленді. 2008 жылғы жастар арасында Алматы қаласында өткен «Зимние каникулы» Халықаралық турнирінен 1-орынды, 2013 жылғы жастар арасынан Шымкент қаласында өткен «Nauryz cup» республикалық турнирінен 1-орынды қанжығаларына байлады.