Әлеуметтік шиеленістің алдын-алу мәселелері талқыланды

Қызылорда облыстық Кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесінің 30.06.2023 жылғы отырысында қаралған мәселелер мен әлеуметтік-еңбек шиеленістерін алдын-алу және шешу жұмыстары мәселелері талқыланды.

Кәсіподақтар орталығы төрағасы Мақсұт Нәлібаев Бас кеңес отырысында қаралып, қабылданған шешімдерді кеңес мүшелері назарына жеткізіп, кәсіподақтардың әлеуметтік еңбек шиеленістерін шешу реттіліктерін, оның заңнамалық негіздерін назарға алу маңыздылығын атап өтті. Кеңес мүшелері салалардағы еңбек қатынастары мәселелері мен еңбек шиеленістері тәуекелдері туралы ақпараттарды ортаға салды.