Еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланды

Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қараулов Жамбыл облысындағы ірі ауданның бірі – Жамбыл ауданына барып, бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесіп, еңбек қауіпсіздігі, өндірісітік жарақаттану мәселелерін талқылады.

Осы жиынға Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің, Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің кәсіподақ ұйымы төрағалары мен мүшелері қатысты.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай жұмыскерлердің еңбегін қорғау және техника қауіпсіздігінің сақтауын, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек дауларын болдырмау, еңбек қатынастарын реттеумен қатар, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жайында мағлұмат берілді.

«Өндірісітік жарақаттанулардың ең көп себептері, ол өндіріс орындарында жұмыстың қанағаттандырарлықсыз ұйымдастырылуы, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларының жасалмауына болып отыр, ал кейбір жағдайларда жұмысшының да кінәсынан болуда», – деді Б.Қараулов.

Айтар болсақ, облыста өткен жылы 36 өндірістік жарақаттану орын алып, онда 46 жұмысшы зардап шегіп, 13 адам қаза болған. Ал, биылғы жылдың 6 айында 26 өндірістік жарақаттар тіркеліп, онда 30 жұмысшы зардап шегіп, 3 адам қаза болған.

«Осыған байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, Үкімет назарына Қазақстан Республикасында қауісіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды, сонымен қатар еңбекті қорғау жөніндегі техникалық еңбек инспекторлардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыруды көздеп отыр», – деді Б.Қараулов.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелері өздерінің жұмыс барысында туындайтын еңбек қатынастарына қатысыты, ұжымдық шарттың мазмұны мен мерізімі туралы бірқатар орынды сұрақтарын қойып, нақты және заңды жауаптарын алды.

Кәсіподақ мүшелері алдағы уақытта тағы да осындай кездесулердің ұйымдастырылуын ұсынды.