«Келешек» жастар кеңесінің құрамы жаңартылды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің құрамы қайта жаңартылды. Кеңес құрамына 12 аудан және қалалық бастауыш ұйымдарынан белсенді жастар тартылды. Кеңестің міндеті – кәсіподақ мүшелігіне жаңашыл, креативті, білікті жастар резервін қалыптастырып кәсіподақ қозғалысының белсенділігін арттыру, еңбек саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып табылады.

Кеңес отырысын филиал төрайымы Мұхтарита Сағындықова жүргізіп, филиал тарапынан жастарға бағытталған жұмыстарымен бөлісті. Сонымен қатар, Кеңес құрамына енген жастарға филиал тарапынан қай уақытта да қолдау бар екенін жеткізді.

Отырыс барысында Кеңестің жаңа төрағасы болып Темірлан Тайшыбаев сайланды.


Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Кеңестің алдағы жоспары бекітіліп, жаңа ұсыныстар, тың идеялар айтылып, еңбек қатынастары, ұжымдық шарт арқылы жастардың әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту мәселелері талқылады. Кеңес отырысындағы жаңа серпінмен келген жастармен, алдағы уақытта тыңдырымды еңбек етіп, жастардың бастамаларына барынша қолдау танытатындығы айтылды.